Педагогикалық Ғылымдар Академиясы ү.ж. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қолдауымен «Жастар арасында мемлекеттік тілді кеңінен танымал ету жөнінде іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруды қолға алған. Жоба мақсаты – қоғамдағы рухани мәселе – ұлттық құндылықтарымыздың жойылып кетпеуіне жол бермеу. Осы жоба аясында 2022 жылдың 16 тамыздан бастап келесі шара – «Кел, қазақ тілін үйренейік» атты онлайн курс ұйымдастырылды.
Курс барлық бағыттағы шығармашылық топтар мен этнобірлестіктер және еліміздің барлық аймақтарында тұратын 16-29 жас аралығындағы жастардың басқа да санаттары арасында мемлекеттік тілде сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Курс жастардың арасында мемлекеттік тілді дәріптеу, сол жастарды ана тілімізде сауатты жазуға, оқуға, ойларын сауатты жеткізуге дағдыландыру мақсатына жетті. Курс нәтижесі бойынша байқау йымдастыру арқылы қазақ тіліне деген сұраныс тудырып, сол арқылы осы тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал ету де діттеген мақұсаттың орындалғанын көрсетеді.
Курс алдына:
- жастар арасында қазақ тілінің мәртебесін арттыру;
- жастарды қазақ тілін игеруге ынталандыру, жағдай жасау, қызығушылықтарын арттыру;
- қазақ тілінің қолданыс ареалын жастар арқылы кеңейту;
- 16-29 жас аралығындағы жастарды мемлекеттік тілде сауатты болуға ынталандыру;
- сауаттылық – тек туған тілімізді білу және ойды дұрыс жеткізу ғана емес, қазіргі таңда маңыздылығы жоғары ақпараттарды білу, белгілі бір салаларда ақпараттанған адам болу екендігін дәріптеу;
- жастардың сауатты жазу, сөйлеуге деген ізденісін арттыруға жәрдемдесу;
- мәдени мұраларымыздың, тарихи ескерткіштеріміздің, тұрмыс-тіршілігіміздің ерекшеліктері арқылы қазақ тіліндегі ауыз әдебиеті туындыларын насихаттау секілді міндеттерді қойып толық орындап шықты.
Курс онлайн форматта, ашық түрде бір айдан астам уақыт moodle платформасында қол жетімді болды. Тегін ұйымдастырылды. Курстың тағы бір ерекшелігі қазақ тілін үйренгім келеді, басты ережелерін түсінгім келеді деушілерге де қолжетімділігі. Курсты толық өткендерден құралған топтардан байқауға қатысушылар жеңімпаздары анықталып, оларға орындар (1 орын, 2 орын, 3 орын) берілді.
Курс нәтижесінде онлайн-диктант жазуда үздік танылған жеңімпаздар ақшалай сертификатпен марапатталды:
1 орын - 300 мың теңге
2 орын - 200 мың теңге
3 орын - 100 мың теңге.
Ана тілім бойымдағы зор намысым,
Тор құрсаулар жолында болғаны шын.
Бұзып бәрін бүгінге аман жеткен,
Жырым-жырым жаралы жолбарысым –дегендей тағдыр тәлкегіне ұқарамастан осы күнге жеткен тіліміз - ең қастерлі байлығымыз.
«Жүйелі тіл жүйелі ойды құрайды» -десек ана тілін дамыту үшін әркім өз ана тілінде таза сөйлегені ғанибет. Өйткені, тіл- қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлім- тәрбиесінің негізі.